«ДІН ҰСТАЙ АЛСАҢ ҚАС ИЕТІҢ, ҰСТАЙ АЛМАСАҢ ҚАСІРЕТІҢ»
Колледжімізде Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы, журналист Алдашбаев Сәкен студент жастармен маңызды кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандырып, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсінуге бағыт беру.
Маман өз сөзінде дінді ұстану – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Білім ордасының ішкі тәртіп ережесін сақтамай, сабақтан себепсіз қалып, “намаз оқимын” деген желеумен білімнен алшақтау – ислам дінінің талаптарына қайшы екендігін түсіндірді. Мұндай әрекеттер дінге деген теріс көзқарас қалыптастыратынын да ерекше айтты.
Студенттерге ең алдымен сапалы білім алуға, тәртіпке бағынуға, заңды құрметтеуге шақырды. Себебі нағыз мұсылман – білімді, тәртіпті және қоғамға пайдалы тұлға болуы тиіс.
Жастарды саналы таңдау жасап, өз жолынан адаспауға шақырамыз!












