«Оқудан – іске»
Дулат Исабеков – «Дермене» шығармасы: өмірдің ащы шындығы
Колледж кітапханасының оқу залында білім алушыларға Дулат Исабековтің «Дермене» шығармасы кейс-стади әдісі арқылы талданды.
Бұл туынды – адам тағдырының күрделілігін, өмірдің ащы шындығын терең суреттейтін шығарма. Оқушылар шығарма мазмұнын талдау барысында кейіпкерлердің өмірлік таңдауы мен ішкі жан дүниесіндегі қайшылықтарды түсінуге мүмкіндік алды.
Шығармада дермене өсімдігі символ ретінде қолданылған. Дермене ащы болғанымен, емдік қасиетке ие. Сол сияқты адам өмірі де сынақтар мен қиындықтарға толы, алайда дәл осы ауыр сәттер адамды шыңдап, мықты етеді. Жазушы осы арқылы өмірдің шындығы тек жеңіл сәттерден тұрмайтынын, қиындықтардың да адамды қалыптастыратынын көрсетеді.
Осындай әдеби талдаулар білім алушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, көркем шығарманы терең түсінуге жол ашады.









