«Үздік 100 колледж студенті» байқауына үміткер анықталды!
Кеше колледжімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» байқауының колледжішілік кезеңінде үміткерлер анықталды.
Байқау ережесіне сәйкес, келесі санаттағы студенттер қатысады:
қоғамдық бірлестіктердің мүшелері;
студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының белсенділері;
аймақтық және халықаралық WorldSkills чемпионаттарының, кәсіби шеберлік байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары;
ғылыми конференциялар, олимпиадалар және түрлі байқаулардың жеңімпаздары;
мемлекеттік жастар саясаты аясындағы бағдарламаларға қатысушылар;
шығармашылық ұйымдардың өкілдері;
жобалар, инновациялық идеялар және стартап-жобалардың авторлары.
Осы талаптар бойынша бақ сынаған 5 білім алушының арасынан «Мейіргер ісі» мамандығының 3-курс студенті, М23 тобының білім алушысы Ұлықбаш Жаннұр Кенжебайқызы жеңімпаз атанып, байқаудың өңірлік кезеңіне жолдама алды. ![]()
Жаннұрды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы кезеңдерде де үздік нәтиже көрсетіп, оқу орнымыздың абыройын асқақтата береді деп сенеміз!
Сәттілік тілейміз!











