ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде ағымдағы жылдың 12–19 қазан аралығында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында 1-2 курс студенттері арасында эссе байқауы өтті.
Байқауға болашақ ақ халатты абзал жандар өте белсенді қатысты. Жалпы алғанда шараға:
• 1-курстан – 10 топ
• 2-курстан – 28 топ қамтылып, өз ойларын қағаз бетіне түсірді.
Іс-шараның басты мақсаты:
• Әрбір жеке тұлғаның және жалпы қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру;
• Заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру;
• Құқық бұзушылықтың алдын алу;
• Қоғамдағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті нығайту.
Айта кетейік, колледжде жыл басынан бері студенттердің құқықтық мәдениетін көтеру бағытында түрлі кездесулер, танымдық семинарлар мен психологиялық тренингтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Құқықтық қоғам қалыптастыруға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Тәртіп бар жерде — тәрбие бар, тәрбие бар жерде — болашақ бар!











