ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


ТЕННИС КҮНІ ӨТУДЕ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде бүгін «Теннис күні» өтуде. Іс-шараның мақсаты – оқытушылар мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Колледж ұстаздары белсенді түрде қатысып, денсаулықты нығайту мен спортты өмірлік серік етуді үлгі ретінде көрсетіп келеді.

ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Білім беру процесінде жасанды интеллектіні тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы облыстық шеберлік сыныбы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Шараның мақсаты – педагогтардың ЖИ құралдарын тиімді қолдануын дамыту, оқыту сапасын арттыру және цифрлық мәдениетті қалыптастыру. Шеберлік сыныбына өңірдің бірнеше оқу орындарының тәжірибелі педагогтары қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік тәжірибелерімен…

Ұлттық теңге күніне арналған тәрбие сағаты

1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға шықты. Бұл күн ұлттық валюта – теңге күні. Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Ұлттық теңге күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға Емдеу ісі бөлімі, 1-курс, 63-топ білім алушылары қатысты. Топ жетекшісі Рүстемова Гүлзия Зейнуллақызының ұйымдастыруымен өткен шарада студенттерге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы,…

«Оян, қазақ!» – Ұлт рухының ұраны

Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған іс-шара 10 желтоқсан күні колледж кітапханасының каворкинг орталығында Емдеу ісі–94 тобының қатысуымен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған топ сағаты өтті. Іс-шара барысында ұлт зиялысы, ағартушы-қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен талқыланды. Оның «Оян, қазақ!» жинағы — халқымызды надандық пен жалқаулықтан арылып, отарлық бұғаудан құтылуға…