Соңғы оқиғалар
“Мың бала” зияткерлік орталығы 2025-2026 оқу жылының қаңтар-ақпан айларында ұйымдастырған республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсының нәтижесі бойынша ”Стоматология” мамандығының студенті Аяжан Құттыбай жүлделі I орынды жеңіп алды. Топ жетекшісі Гулмира Абыдгалиқызы. Аяжанның жетекшісі: Жанна Раушанбекқызы. Белсенді студентіміз бен жетекшісін құттықтаймыз!
Бүгін Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтуде. Қызылорда медициналық жоғары колледж қызметкерлері референдумға қатысып, өз сайлау учаскелерінде дауыс берді. Референдумда дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 1-корпусында «Жалпы кәсіптік пәндер-2» бірлестігі ұйымдастыруымен «Бір сұрақ – бір қалам» атты танымдық ойын өткізілді. Іс-шара анатомия, физиология және патология пәндері бойынша білімді тереңдетуге, студенттердің ғылыми ойлау қабілетін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барысында: Қатысушылар тіркеліп, қажетті материалдармен қамтамасыз етілді; Ұйымдастырушылар іс-шараның мақсаты…
Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Анатомия, физиология және жалпы патология» пәні аясында «Ағза және ауру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара 2-оқу ғимаратының 206 кабинетінде өтіп, І курс ҚБ-89 топтың 2-топша білім алушылары белсенді қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – студенттердің адам ағзасының құрылысы мен қызметі туралы білімдерін тереңдету, аурулардың пайда болу…














