ҚЫЗЫЛОРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ

Соңғы оқиғалар


«Пациенттің өмірлік көрсеткіштерін бақылауда жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында үйірме жұмысы аясында ақпараттық-акциялық іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы брошюралар таратылды.

Брошюраларда жасанды интеллекттің медицина саласындағы маңызы, пациенттің жүрек соғысы, қан қысымы, дене температурасы және тыныс алу жиілігі сияқты өмірлік көрсеткіштерін үздіксіз бақылаудағы артықшылықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, заманауи технологиялардың ауруларды ерте анықтаудағы, дәрігерлердің жұмыс тиімділігін арттырудағы және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді. Іс-шараны үйірме жетекшілері Жумагулова Салтанат…

МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті мейіргерлер, ардақты әріптестер! Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мейіргер мамандығы – үлкен жауапкершілікті, мейірімділік пен төзімділікті талап ететін аса қадірлі кәсіп. Сіздер күн сайын адам денсаулығын сақтауда, науқастарға қамқорлық көрсетуде және олардың сауығып кетуіне үміт сыйлауда маңызды рөл атқарып келесіздер. Ақ халатты абзал жандардың…

Қызылорда медициналық жоғары колледжі – сапа жолындағы маңызды жетістік!

Қызылорда медициналық жоғары колледжі СТ РК ИСО 9000:2016 стандарты талаптарына сәйкес ресертификациядан сәтті өтті. Колледжіміз сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп, кезекті ресертификация кезеңінен жоғары нәтижемен өтті. Тексеру барысында оқу орнының негізгі және қосымша қызмет процестері жан-жақты сарапталып, барлық құжаттамалар қарастырылды. Ішкі басқару жүйесінің стандарт талаптарына сәйкестігі бағаланып,…

Республикалық кәсіби шеберлік байқауында жүлделі ІІІ орын!

2026 жылғы 4 мамыр күні Түркістан қаласында денсаулық сақтау саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Арнайы мейіргер ісі негіздері» пәнінің оқытушысы Жұмағұлова Салтанат Бақытовна жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі — Зейнебай Гүлзира Ермұратқызы. Әріптестерімізді…