Category: Жаңалықтар

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының валеолог маманы Гүлназ Мазқожа және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Зарина Абдированың қатысуымен 2023 жылдың 6 маусым күні колледждің 1 курс 8, 99, 106, 107, 108 топ білім алушыларына, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау, дұрыс тамақтанудың пайдасы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Адам ағзасына уытты заттардың зияны» тақырыбында Жастар ресурстық орталығының маманы, спорт нұсқаушы, Ұлттық жекпе-жектен әлем чемпионы Б.Ә.Қобланов және Жастар денсаулығы орталығының психологы Ұ.Жұматайдың қатысуымен 2023 жылдың 6 маусым күні колледждің 1 курс 8, 99, 96, 68, 69 топ білім алушыларына, салауатты өмір салты мен спорттың пайдасын айтып, зиянды әдеттер, уытты заттардың адам өмірі мен ағзасына қауіпі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Аманат партиясы алдында Қызылорда медициналық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі және “Жастар Рухы” Жастар қанатымен бірлесе “Патриотизм Дауысы” патриоттық акциясы тақырыбында мерекелік кеш болып өтті. Бұл кешке колледж оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

31 мамыр күні Қызылорда медициналық жоғары колледжінің кітапханасының оқу залында «Мейіргер ісі» бөлімі 1 курс, 102 топпен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай топ сағаты өткізілді. Қазақ халқына қасірет әкелген сол...

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Мамыр айының 31- іне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі бірлесе отырып “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты тақырыпта Қызылорда облысының техникалық және...

«Жастарды қоғамдық тәрбие мен құндылыққа қалыптастыру» тақырыбында Қызылорда медициналық жоғары колледжінің акушерия және гинекология пәнінің оқытушысы Н.Е.Мейрманованың қатысуымен 2023 жылдың 30 мамыр күні колледждің 1 курс 104, 105, 67, 68, 69, 27, 71 топ білім алушыларына, ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағына зияны жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

“Global” пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен колледжішілік “Темекі және вейп темекінің зияндылығы”тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі түтінінен азат ортаны қамтамасыз ету, денсаулықты сақтау мен нығайтуға қоғамдық жағымды пікірді қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу.

Дебат турнирі қорытындысы бойынша І орын: “Дофамин” фракциясы. 1 спикер: Серік Нұрай 2 спикер: Абильгазим Альбина ІІ орын: “Элита” фракциясы. 1 спикер: Әсафи Азамат 2 спикер: Руслан Бибіасыл Үздік спикер: Серік Нұрай